Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Тараз жамағаты наиб мүфти, Шариғат және пәтуә бөлімінің меңгерушісі, ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Құрбанұлымен жүздесті.
Көпшілік білікті маманның қоғамдағы түйіткілді мәселелерге жауап болған мардымды уағыз-насихатын тыңдады. Сансызбай Құрбанұлы Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінезі, адамдармен қарым-қатынасы туралы тілге тиек етті.
Жамағат көкейкесті сауалдарын қойып, дәйекті жауаптарын алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

