Пайғамбарымыздың (с.а.с.) христиандарға жазған хаты табылды!

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) христиандарға жазған хаты табылды!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Синай түбегіндегі бір шіркеуден екі әлем сардары Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) христиандарға жазған хаты табылды. 620 жылы жазылған бұл хатты христиандардың қолына сахаба Әли ибн Әбу Тәліп табыс еткен екен. Баға жетпес осынау жәдігерде христиандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, наным-сенім бостандығына қол сұқпау т.б. қадау-қадау мәселелер қозғалған. Осы мәселелерге қатысты мұсылмандардың міндеттері мен жауапкершілігі де айтылған. Жәдігердің шынайылығы Османлы сұлтаны бірінші Сәлімнің тұсында расталған. Қолжазба сол уақытта Константиполь қаласындағы кітап сақтау қоймасында болған екен.  

Хаттың мазмұны былай: «Бұл хат Мұхаммед ибн Абдұлладан. Біз, Алланың құлдары,ансарлар және біздің соңымыздан ерушілер, христиандарды, бізден мейлі алыс, мейлі жақын болсын, өзіміздің қорғауымыз бен қамқорлығымызға аламыз. Христиандар – біздің қамқорлығымызда!

Алланың атымен ант етемін, мен оларды алаңдататын, тыныштығын бұзатын нәрселелерге жол бермеймін. Соттары өз қызметтерінде қалады, діни қызметкерлері шіркеулерінен қуылмайды. Ешкімге ғибадатханаларын бұзуға, ондағы мүліктеріне қол сұғуға, үйлеріне тасуға рұқсат бермеймін. Егер кім де кім бұл айтылған талаптарды бұзатын болса, ол Алла Тағаламен келісімді бұзғаны және Оның Пайғамбарына бойұсынбағаны.

Ақиқатында, олар (христиандар) менімен келісімге отырған, ал менің міндетім оларға біздің тарапымыздан зәбір көрсетпеу. Ешкімге оларды өз үйлерінен шығарып жіберуге, соғысуға міндеттеуге рұқсат жоқ. Керісінше, мұсылмандар оларды қорғау үшін соғысуға міндетті.

Егер мұсылман христиан бір қызға үйленуді қаласа, олардың келісімімен ғана некелесуі тиіс және мұсылман күйеу әйелінің шіркеуді зиярат етуіне тыйым салмасын. Шіркеулерге құрмет көрсетілуі тиіс, оны өзгертуге немесе бұзуға ешкімнің қақысы жоқ. Қиямет күніне дейін Ислам үмбеті мүшелерінің ешқайсысына бұл келісімді бұзуға рұқсат жоқ».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: