«Егер адам қателік жіберсе, яғни намаз әрекеттерін орындауда асығыстық жасап немесе кейіндеу қалып жатса, сенсорлы жайнамаз вибрациялық толқын арқылы белгі береді. Және де бұл вибрациялық толқындар намаз оқушының ойын бөлмейді», – дейді аталмыш туындының авторлары.
«Ақылды» жайнамазды ойлап шығарушылар өздерінің бұл туындыларын Ресейде патенттеп үлгерген және жақын арада халықаралық патент алуды көздеп отыр. Қазіргі таңда жер бетінде 4,6 млрд мұсылман өмір сүретінін алға тартқан олар «ақылды» жайнамаздың таптырмас құрал болатынына сенімді.
Естеріңізде болса, сайтымыздың «Жаңалықтар» бөлімінде осыдан бір ай бұрын қазақстандық азамат Алханбай Сатыбалдыұлының бес уақыт намаз бен үтір намазының оқылу тәртібімен үйрететін осы тәріздес «электронды жайнамаз» ойлап шығарғаны туралы жазған болатынбыз.