Парижде саудиялық ханзадаға тонаушылар шабуыл жасады

Парижде саудиялық ханзадаға тонаушылар шабуыл жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Париж қаласында саудиялық ханзада кортежіне қарулы шабуыл жасалды. 250 мың евроны қолды қылған тонаушылар Сауд Арабиясы елшілігіне тиесілі темір тұлпардың жүргізушісі мен ішіндегі адамдарын кепілдікке ала кеткен.

Шабуыл қала сыртында орын алған. Елшілік ордасынан шыққан ханзада кортежі Париж шаһарының солтүстігіндегі Бурже әуежайына бара жатқан болатын. Көлікке шабуыл жасаған қарақшылар бірнешеу болған және барлығы да мұздай қаруланған.

Қарақшылар қолына қомақты қаржымен қатар, дипломатиялық мәтіндегі құжаттар мен ханзаданың жеке заттары да түскен көрінеді. Қарақшылар кейінірек кепілдікке алған тұтқындарды босатып, із суытып үлгерген.

Тәртіп сақшылары тонауға ұшыраған саудиялық ханзада есімін жасырын ұстауда.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: