Пенденің иманы елшілер мен періштелердің иманындай ма?

Пенденің иманы елшілер мен періштелердің иманындай ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам Әбу Ханифаның жауабы

Шәкірт: – Сізге Алла Тағаланың мейірімі болсын! Өзімнің ілімімнің түкке тұрғысыз екендігін білгендіктен сізге келіп тұрмын. Науқастың емі оның дәрігерінде, ал соқырдың көзі – маңайындағы көзі көретіндерде. Сол сияқты ғалым да надан адамды шет қақпауы керек. Надан өзінің естігендерін түсіне бермес, алайда оған дұрыстап түсіндірсе – ол тынышталатын болады. Алайда пенденің иманы елшілер мен періштелердің иманындай деп қалай ауыз толтырып айта аламыз? Олар бізге қарағанда Алла Тағалаға барынша бойұсынғандар екенін білеміз ғой.

Ғалым: – Сөзсіз, олар бізге қарағанда анағұрлым тақуа әрі бойұсынғыш, бірақ иман амал емес, сол себепті біздің иманымыз олардың иманы сияқты. Періштелер, пайғамбарлар мен елшілер сияқты біз де Алла Тағаланың жалғыздығына, шексіз құдіреттілігіне және Оның тарапынан бізге түскеннің бәріне иман келтірдік, куә болдық. Міне, сол себепті біздің иманымыз періштелердің иманындай деп айта аламыз. Сондай-ақ, біз Алла Тағаланың бір және бар екендігіне Оны көрмей-ақ иман келтірдік, ал періштелер болса көргеніне иман келтіргендер.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: