Талас ауданының әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы Бас мүфти хазіреттің бұйырығымен ауданның бас имамы болып тағайындалған Жалғасбай Дүйсенбайұлын қабылдады.
Әкіммен кездесуде қаланың діни аухалы, халықты имандылық жолына бағыттау, жастар тәрбиесіне көңіл аудару сынды келелі мәселелер талқыланды.
Аудан әкімі сонымен қатар жаңа тағайындалған бас имамға табыс тілеп, бастамаларының жүзеге асуына әркез қолдау көрсететіндігін айтып өтті. Жалғасбай Жұбатқанов дінімізге жанашырлығы үшін аудан әкіміне алғыс білдіріп, "Ихсан-рухани тәрбие негізі" кітабын тарту етті.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі



12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

