Дағыстанның Левашинск ауданында 31 қазан мен 4 қараша аралығында өтуі тиіс Пайғамбардың ﷺ жәдігерлерінің көрмесі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты кейінге шегерілді.
Бұл туралы Дағыстан мүфтияты хабарлады. «Республикадағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Леваши ауданы Леваши ауылында Пайғамбардың (с.ғ.с.) қасиетті жәдігерлерінің көрмесі кейінге шегерілді.
Көрменің өтетін күні туралы Дағыстан Республикасы мүфтиятының ресми беттерінде хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
asyldin.kz