Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Түркияда әйелдерге арналған баспаналар мен зорлық-зомбылықтың алдын алу және бақылау орталықтары 272 461 адамға қызмет көрсетті.
Мұндай деректер президент Режеп Тайып Ердоған бекіткен және кеше түрік үкіметінің ресми газетінде жарияланған Түркия президенті әкімшілігінің 2022 жылға арналған жылдық бағдарламасында келтірілген.
Түркияның Отбасы, еңбек және әлеуметтік қызметтер министрлігіне қарасты ŞÖNİM орталықтары мен әйелдер баспаналары әйелдерді зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғау, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және осыған байланысты фактілердің себептерін зерттеу қызметтерін ұсынады.
Қаңтар-қыркүйек айларында министрлікке қарасты 112 панаханада 59 475 адам қорғалды: 41 463 әйел және 18 012 бала.
Осы ретте Түркияның Отбасы, еңбек және әлеуметтік қызметтер министрлігінің үйлестіруімен елдің 81 провинциясында әйелдердің қаржылық сауаттылығы мен экономикалық мүмкіндіктерін арттыруға арналған семинарлар ұйымдастырылуда.
Әйелдерді еңбек өміріне белсендірек тартуға және білікті әйелдердің жұмыспен қамтылуын арттыруға бағытталған семинарларға 467 680 адам қатысты.
asyldin.kz