Өткен сенбіде Британ мемлекетінің астанасы Лондон қаласында Газа аймағындағы тыныштықты талап еткен мыңдаған жанның бейбіт шеруі болып өтті. Аталмыш акцияға атсалысқандардың көптігі соншалық, қолдарына Палестина мен Еуро Одақ туларын көтергендің қатары Би-би-си корпорациясының штаб-пәтерінен Гайдпаркке дейінгі аралықты толтырды. Ел билігі қауіпсіздік шараларын мейлінше қатаңдатып, жағдайды бақылауда ұстауға мыңдаған тәртіп сақшылары жұмылдырылды. Тіпті, Лондон аспанында әскери ұшақтар қарауылдаған. Шараны ұйымдастырушылар Израилді террористік мемлекет ретінде танытатын буклеттер мен ұйымдық үндеулер таратты.
Шерушілер израилдіктердің палестинадағы бассыздықтарын дереу тоқтатуды талап етіп және де басып алған жерлерін босатуды бұйырды. Акция аясында Ұлыбританиядағы 100 000 еврейдің қолы қойылған петиция табысталды.
Сондай-ақ, бейбіт шерушілер газа аймағында басқыншылық соғысына тоқтау қоймағандығы үшін елдің премьер-министрі Дэвид кэмэронның отставкаға кетуіне талап қойды.