Индонезияда азан даусы жаңаша шықпақ

Индонезияда азан даусы жаңаша шықпақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Индонезия билігі мешіттердегі бірдей айтылмайтын азан мәселесін шешті. Индонезияның мешіт кеңесі үлкен қалалардағы дауыс зорайтқыштардан келетін азан даусын синхрондау туралы шешім қабылдады. Олар өзгерістерді Джакартадан бастауды жоспарлап отыр. Көбінесе азан бір мұсылман ғибадатханасынан қатты естіледі, бірнеше минуттан кейін жақын маңдағы мешіттің динамиктерінен естіле бастайды және бұл осылай бір сағатқа созылуы мүмкін.

Билік өкілдерінің айтуынша, заманауи технологияларды ескере отырып, ірі қалаларда азан әр намаз уақытында бір-ақ рет дыбысталғаны абзал. Джакартада «Истиклал» мешітінде азан айтылады, ал басқа мешіттер одан тікелей трансляция жүргізе алады.

«Біз азанды Джакарта мен көршілес аудандарда бір уақыт белдеуінде орталықтандыра аламыз»,-деді Кеңестің Бас хатшысы Имам Ад-Дарукутни өзгерістерге түсініктеме бере отырып. Индонезияда мешіттердің көп әрі жақын орналасуынан азан жауысы жамырап шығатын.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: