Алматыға барған сапарында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жуырда ғана наиб мүфти болып тағайындалған Кенжеәлі Мырзабаевты Алматы қаласындағы жұмыс кабинетімен таныстырып, жаңа қызметіне табыс тіледі.
«Сіз бұған дейін дін саласында көптеген қызметтер атқарып, елдің ықыласына бөлендіңіз. Әсіресе мәдениет саласының өкілдері, қаламгерлер өзіңізді жақсы құрметтейді. Осы бағыттағы жұмысыңыз жандана берсін. Діни саладағы мол тәжірибеңіз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысына серпін береді деген сенімдеміз. Алла қызметіңізді берекелі етсін!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетейік, ҚМДБ-ның кезекті Аппарат жиынында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Кенжеәлі Мырзабаевты наиб мүфти қызметіне тағайындап, Діни басқарма ұжымына таныстырған болатын.