Google корпорациясы өзінің қосымшалар дүкенінде Газа секторын бомбалауға байланысты шығарылған екі ойынды өшіруге мәжбүр болды. «Bomb Gaza» («Газаны бомбала») и «Gaza Assault: Code Red» («Газаға басып кіру: қызыл құпия») деп аталатын бұл екі ойын 17 және 26-шы шілде орналастырылған болып шықты. Аталмыш екі ойын да іске қосылған күннен бастап қолданушылардың арызы-шағымы артқан.
BombGaza ойынында палестиналықтардың бейбіт қаласын ұшақтан бомбалау бұйырылады. Ойынның жеңімпазы атану үшін балаларды көптеп өлтіру керек. Ал, Gaza Assault: Code Red ойынында өлген адамдардың саны есептелмейді, жеңіске жету үшін Газа секторын жермен-жексен етуге тиістісің.
Қолданушылар тарапынан тоқтаусыз түскен сын мен ескертпелерге орай, компания ойындарды өшіргенімен, пікір білдіруден бас тартты.