Тамыз айының 5-жұлдызында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің төрағалығымен қарт адамдарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау жүйесін дамыту мақсатында Мемкеңес отырысы болып өтті. Аталмыш отырысқа Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та қатысқан болатын.
Шешен елінің басшысы отырыс барысында Воронеж қаласында қолға алынған құлшылық ордасының құрылыс жұмыстарына көмектесетінін жеткізді. Өзінің бұл қадамын Қадыров әлеуметтік желіде де жариялаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, сағыздай созылған Воронеждағы мешіт құрылысының іргетасы сонау 1990 жылы құйылған болатын.