Күтпеген рызық

Күтпеген рызық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ибн Мәлік (р.а.) өте кедей тұратын. Бір күні баласы мүшріктердің қолына тұтқынға түсіп қалады. Бұл Ибн Мәліктің қайғысын ұлғайтты. Алла Елшісіне (ﷺ) барып жағдайын айтып еді, мынадай кеңес алды: «Аллаға сиын, сабыр сақта және «лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ» деген дұғаны жиі айт».

Ибн Мәлік (р.а.) бұл айтылғанды істеп жүрді. Бір күні үйінде отырғанда біреу есік қақты. Есікті ашса, қарсы алдында ұлы тұр. Қашып келген екен. Үсті-басы жырым-жырым. Құр қол келмей мүшріктердің жүзге тарта түйесін айдап келіпті. Әкесі ұлымен қауышты әрі кедейлікпен де қоштасқандай. Бірақ ол Алла Елшісінен (ﷺ) сұрамастан, барымталанған малдың ешқайсысына тимеді. Алла Елшісі (ﷺ) рұқсат бергенге дейін кедейлікпен күнін көре берді.

Осы оқиғадан кейін мына аяттар түсті: «...Оны ойламаған жерден рызықтандырады. Аллаға арқа сүйегенге Алла жеткілікті. Алла әмірін міндетті түрде орындайды. Расында, Алла барлық нәрсеге бір-бір өлшем қойған».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: