Алыс бір елде әділ қазы өмір сүріпті. Бір күні сот мәжілісінде алдына бір дана күлше нан ұрлаған кедей келтіріледі. Байғұс кінәсын мойындап: «Аштан өліп бара жатқаннан кейін амалсыз ұрладым» - дейді мойны салбырап.
Қазы: «Ұрлыққа барып, қылмыс жасағаның үшін бәрібір саған үкім шығаруым керек» - дейді де: «Жағдайыңа байланысты саған 10 дирһам айыппұл салынады. Алайда төлей алмайтының себепті айппұлды сенің атыңнан мен төлеймін» - дейді.
Жиналған қауым таңданыс толы жанарлармен қазыға көз тігеді. Қазы шынымен-ақ қалтасынан 10 дирһам шығарып, қазынаға өткізуге бұйырады. Сосын көпшілікке бұрылып: «Арамызда аштықтан нан ұрлауға мәжбүр болған адам жүргендіктен осы отырған әрқайсысыңызға 10 дирһамнан айыппұл салынады» - дейді.
Лезде мәжілістен 450 дирһам жиналады. Қазы ақшаны әлгі кедейге бергізеді.
asyldin.kz