#Шу: Жамағат жасыл алаңда доп тепті

#Шу: Жамағат жасыл алаңда доп тепті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәрсенбінің сәтінде Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев Шу қаласы Тоғай мөлтек ауданындағы «Тоғай» мешітіне барып, жергілікті жамағатпен жүздесіп қайтты. Бахтияр Амантайұлы Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) өмірге келген айында көптеп салауаттар айтып жүрудің артықшылығы мен оның берекелі өмірбаянын оқудың пайдасы турасында  уағыз-насихат жасады.

Сонан кейін осы мешіттің имамы Мағжан Мұратұлының ұйымдастыруымен қаладағы Төле би ауылы мен қала мешіттері арасында өтетін  доп додасын ашып берді. Ашылу салтанатында ауданның бас имамы спорттың пайдасына тоқталып, бұл жарыс жамағат арасына алтын көпір орнатып, асыл дінімізде  құпталған  амал екендігін айтты. Сонымен қатар осы мөлтек ауданда молдалық міндетті атқарып, ел алғысына бөленіп  мешіт жанашыры болып жүрген Жапалақ қарияға аудандық мешіт атынан алғыс хат тапсырылды.

Ойынға қатысқан «Айтқұл баба», «Кәрібай молда», «Жәми», «Тоғай» , «Төле би» мешіттерінің жамағаттары жасыл алаңда жанын салып доп теуіп, бақ сынасты. Ойын нәтижесіне орай, бірінші орынды «Кәрібай  молда» мешіті иеленсе, екінші орын «Тоғай» мешітіне бұйырды, ал аудан орталығынан келген «Төле би» мешітінің жамағаты 3 орынды  місе тұтты.

Жеңімпаздарға марапат қағаздары мен және кубок табысталып, қатысушыларға алғыс айтылды.  Өз кезегінде теңбіл доп тепкен қауым да ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, жүрекжарды тілектерін білдіріп жатты.

Байжан ЕМБЕРДІ,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: