Жоғарыда айтып өткеніміздей, Италия аумағында бар болғаны 7 құлшылық ордасы ғана қызмет жасайды: Римде, Флоренцияда, Палермода, Туринеде, Равеннеде, Милан мен Генуеде. Құлшылық орындарының аздығынан мұсылмандар жұма күндері стадиондар мен супермаркеттерді, автотұрақтар мен қоймаларды жалға алып, жамағат болып құлшылықтарын өтейді.
«Жалпы менің еңбегім Батыс Еуропадағы исламофобияның деңгейін көрсетеді, – дейді фотограф. – Мешіт құрылыстарына салынған тыйымдар мен шектеулер, мұсылмандардың сабырлылығы – бұның бәрі бүгінгі қоғамның ащы шындығы. Біздің заңымызда біздің діни сенім-нанымдарымызға шектеу қойылмайды делінген. Дегенмен, бұл тек құжат жүзінде ғана. Ал, іс жүзінде Италияның солтүстік-шығыс аймақтарының барлығын «Солтүстік лигасы» ұлтшылдар партиясы ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отыр».
Николоның «Жасырын Ислам» еңбегі Rencontres d’Arles 2014 фотографиялық фестивальде жүлдеге ие болған.













09 Ақпан 2026
21 Шаабан 1447

