Тайланд теміржол секторы вагондардың жаңа түрімен толықты. Ер адамдармен сапарлас болғанды құп көрмейтін ақжаулықтылар үшін Тайланд билігі тек әйелдерге арналған вагон түрлерін шығаруды қолға алды.
Осыдан аз ғана уақыт бұрын теміржол қызметкерлерінің 13 жасар қызды зорлап өлтірген қанды қылмысынан соң көтерілген қоғамдық даудың шешімі осы болды. Жаға ұстатар сұмдықтан соң ел билігі тиісті шаралар қолданып, теміржол қызметін пайдаланған әйелдер қауымының қауіпсіздігі жайлы қатаң шешімдер қабылдады.
Айтылған шешімді жүзеге асырудың жолы анау айтқандай аса қиын да емес. Кәдімгі пойыз тізбегіне әйелдерге арналған екінші класты вагон жалғанып, оған ер және әйел жандар кезегімен кіргізіледі. Бір ескеретіні бұл вагонға кіретін ер балалардың жасы оннан, бойы 150 см аспауы тиіс. Аталмыш арнайы вагондар әзірше тек үш бағытта қызмет көрсетеді.
Әйелдер қауымы үшін қоғамдық жеңілдіктерді қолданысқа ең алғашқы болып Түрік елі енгізген болатын. Анадолылық ағайындар әйелдер жамағатына арналған жеке жағажай ашып, нәзікжыныстылардың сұқ көөздерден таса болуын және қалаған киімдеріне киюіне жағдай туғызған еді.