Облыстық кітапханада дін тәрбиесіне арналған дөңгелек үстел өтті

Облыстық кітапханада дін тәрбиесіне арналған дөңгелек үстел өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
18 қазан - ҚР Рухани келісім күніне орай Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Дін – тәрбие діңгегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
 
Шараға облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің 1-ші наиб имамы Нұралы Бақытұлы, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Гүлжан Серікқызы, облыстық «Әжелер алқасы» мүшесінің төрайымы Жәмила Жұмабаева, «Әжелер алқасы» мүшелері Базаркүл Шантаева, Нұржамал Қосаева, Райхан Исахова, Жұмақыз Ержановалар қатысып, қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу, жастардың діни сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы ойларын ортаға салды.
 
Сондай-ақ, қатысушылар рухани тазалықтың, ар-ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екендігін тілге тиек ете отырып, жастарды жат ағымның жетегінде кетпей, тек сенімді ақпараттарға сену керектігін жеткізді.
 
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: