Газа аймағына басып кірген Израиль әскері 100-ден астам құлшылық ордасына айтарлықтай зақым келтіріп, кейбірін тіпті жермен-жексен еткен. Бұл жайында Палестина мемлекетінің Дін істері және уақыптар министрі шейх Юсуф Адеис мәлім етті.
Адеистің айтуынша, Израиль басқыншылары мешіттердің халыққа көмектесу шараларын ұйымдастырып, олардың қажеттіліктерін өтей алатын болғандықтан, бірінші кезекте соларға бағыттап отырған көрінеді. Сондай-ақ, министр мешіттерді қирату израильдіктер тарапынан бірінші рет жасалып отырмағанығын алға тартады.
Өз сөзінде Юсуф Адеис халықаралық ұйымдар мен Ислам ынтымақтастық ұйымынан жетімдер мен жесірлер үшін жәрдемдесуін өтініп, қажетті шаралар қолдануын талап етті.
Шілде айының 7-жұлдызынан бастап Израиль басқыншылары Газа аймағына баса көктеп кіргелі 1,3 мың адам өмірімен қоштасып, жарақаттанғандардың саны 7,6 мыңнан асты.
muslim.kz