Ирактың өкілдер кеңесі (яғни парламенті) ел президенті етіп Фуад Маасумды сайлады, деп хабарлады шетелдік БАҚ көздері. Енді Өкілдер кеңесінің басты міндеті үкіметті қалыптастыру болмақ. Ең алдымен парламентшілер басшылық лауазымдар - спикер, президент және премьер-министр қызметтері жөнінде келіспек ниетте. Өткен аптада спикер болып сүннит коалициясының өкілі Селим әл-Джубури сайланған болатын. Өздеріңіз білетіндей, Иракта президент негізінен өкілеттік қызметтер атқарады, ал билік премьер-министрдің құзыретіне кіреді. Ол алдағы күндерде сайланады деп күтілуде.
Ирактағы сайлау науқаны ел ішіндегі алауыздықпен тұспа тұс келіп отыр. Бағдад қазірдің өзінде негізінен сүнниттер тұратын біраз провинциясына бақылаудан айырылып отыр, оларға бүгінде «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы билік етуде. Айта кету керек, аталған ұйым жетекшілері осы айдың соңына дейін ел астанасы Бағдадты да алатынын жария еткен. Ұлтарақтай жерді ту талақай етпекке ниеттенген және бір пәрменді топ бар Иракта. Үй ішінен үй тіккен Ирак Күрдістаны да өзін-өзі билеу жөнінде референдум өткізуді жоспарлап отыр.
muslim.kz