АЛМАТЫДА ҚМДБ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ХХХІ МӘЖІЛІСІ ӨТУДЕ (ФОТО)

АЛМАТЫДА ҚМДБ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ХХХІ МӘЖІЛІСІ ӨТУДЕ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалық етуімен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің XXXI мәжілісі басталды.

Кеңес жұмысын ашқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңізге белгілі, Ғұламалар кеңесі шариғатымыздың негіздеріне сүйене отырып, қоғамдағы мұсылман қауымы арасында туындап отырған көкейкесті, түйткілді мәселелерді талқылап, дер кезінде шариғи пәтуалар мен концептуалды құжаттар қабылдайды. 

Аллаға шүкір, Ғұламалар кеңесі пандемия кезінде де жұмысын тоқтатпады. Осы жылы кеңес жұмысында 12 пәтуа, 2 құжат және 2 ғылыми жоба бекітілді» деді.

Айта кетсек, мәжілісте «Форекс нарығына қатысты үкім», «Жерленген марқұмның топырағын алып, басқа жерге көшіріп қабір жасау үкімі (рәмізді қабір жасау үкімі)», «Жасанды жаңбыр жаудыру үкімі», «Гив (гивэвей) ойнату үкімі», «Онлайн неке қию үкімі», «Текті (фамилияны) ауыстыру үкімі» тақырыбында жазылған пәтуалар қабылданбақ.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: