«QAZVAC» ВАКЦИНАСЫ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТУДЕ (ФОТО)

«QAZVAC» ВАКЦИНАСЫ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТУДЕ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы бастаған ҚМДБ делегациясы Жамбыл облысындағы «QAZVAC» вакцинасын өндіруші Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында болып, отандық вакцина өндірісімен танысты.

Вакцина дайындау жұмыстарымен танысуға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі, технолог, медицина маманы Айзат Сатаева қатысты.

«Эпидемиялық жағдайға байланысты коронавирус инфекциясына қарсы күресудің және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың тиімді әдісі – вакциналау. Осы орайда халықтың 70% құрайтын мұсылмандар мен халал өнімді тұтынушылардың талап-тілегі бойынша өндірушілер тарапынан «QAZVAC» вакцинасын халал стандарты бойынша сертификаттаудан өткізуге өтініш білдірілді. Себебі, отандық вакцинаға Индонезия, Иран, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан секілді шетелдік мұсылман елдері де қызығушылық танытуда.

«QAZVAC» – COVID-19-ға қарсы белсенділігі жойылған вирустан дайындалған, тазартылған, адъювант – алюминий гидрототығы қосылған, концентрацияланған вакцина. Ғалымдар жүргізген клиникалық сынақтың ІІІ кезеңінің нәтижесі бойынша вакцинаның тиімділігі 90%-дан жоғары. Бұл ретте, вакцинаның шариғатқа сай дайындалуын қадағалау мақсатында аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарымен жұмыс жасауға бағытталған институт зертханасымен таныстық. Бұған дейін «QAZVAC» вакцинасын құраушы негізгі компоненттерді жеке-жеке қарастырып, шариғат және пәтуа мамандарының назарына ұсынған болатынбыз. Алматы қаласында басталған ғұламалар кеңесінде осы мәселе бойынша діни сарапшылардың пікірі назарға алынады» деді Ершат Ағыбайұлы.

«QAZVAC» вакцинасын «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификаттау процесі жалғасуда. Қорытындысы алдағы уақытта жарияланады.

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: