Бразилияда өткен доп додасының жеңімпазы атанған Германия құрамасының белді ойыншысы Месут Озил қасиетті Рамазан айындағы қайырымдылық шарасын қайта жалғастырды. Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионаты басталмастан бұрын Месут Озил бразилиялық 11 бүлдіршіннің отасына қажетті қаражатты төлеп берген болатын.
Доп додасы аяқталып, тұғырға көтерілгеннен кейін Месут өз тағы 12 бүлдіршінге қол ұшын созып, осылайша өзінің мейірімін 23 жанға сыйлады. Бір қызығы, биылғы футболдан әлем чемпионатына келген неміс ойыншыларының саны да тұп-тура – 23.
Бұл жайында спорт жұлдызының Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасынан белгілі болды. Ол онда өзінің бұл әрекетін Бразилия халқының қонақжайлығына қайтарған қарымтам деп жазған екен.
muslim.kz