ҚМДБ: Бас мүфти ауыз ашар берді (ФОТО)

ҚМДБ: Бас мүфти ауыз ашар берді (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жылдағы дәстүрге сай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Алматы» қонақ үйінің «Есік» мейрамханасында ауыз ашар берді.

Ауыз ашарға зиялы қауым өкілдері, ел тізгінін ұстаған азаматтар, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының мүшелері, белсенді жастар келді. 

Мерекелік кешті әнші Сәкен Қалымов жүргізді. Алдымен наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті Құран аяттарын оқып, бата жасады. 

Ауыз ашар дастарханында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы келген қонақтарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, имандылықты дәріптейтін уағыз-насихат айтты. Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы Аллаһ Тағаланың мейірім нұры жауатын кешірім айы екеніне кеңінен тоқталды.

Мерекелік шарада Өмірзақ Айтбайұлы жиналғандарды барша мұсылман баласы айлардың сұлтаны санап, үлкен қуаныш, ерекше үмітпен өткізетін Рамазан айымен құттықтап, «Оразаларыңыз қабыл болсын!» деген тілегін жеткізді.

Мәні мен сәні жарасқан ауызашар дастарханында ғибратты уағыздар айтылып, Ислам құндылықтары жайлы бейне баян көрсетілді. Сондай-ақ кеште ұлтымыздың өнері насихатталып, жиналған қауым елге танымал өнерпаздардың орындауындағы әуезді жыр-термелерге құлақ құрышын қандырып қайтты. 

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: