Облыс бас имамы Сарыкемердегі мешіт құрлысымен танысты

Облыс бас имамы Сарыкемердегі мешіт құрлысымен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Қонаев көшесінде бой көтеріліп жатқан мешіт құрылысымен танысты.

Бас имам Алла үйінің қазақы салт-дәстүрге сай болуы, сыйымдылығы, мешіт жамағатына жақсы жағдайдың қарастырылуы жайында тілге тиек етті. Құрылыс басында аудан бас имамы Рамиз Азизов пен басқа да мешіт имамдары болды.

Сонымен қатар құрылыстың басы-қасында жүрген Таңатар ақсақалмен тілдесіп, құрылыс жайында толық ақпарат алды. Бейбіт Әліпбекұлы мешіттің тездетіп аяқталып, ел игілігіне аман-есен берілуін тілеп, дұға жасады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: