#Сарысу: Берекелі отбасы исламда

#Сарысу: Берекелі отбасы исламда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Сарысу аудандық орталық мешітінде ұстаз Мадина Қайратқызының ұйымдастыруымен «Берекелі отбасы исламда» атты  отбасылық  рухани іс- шара болып өтті.

Рухани кештің басты мақсаты - отбасын аман сақтап қалу ер мен әйелдің басты міндеті екенін әйелдер жамағатына түсіндіру. Отбасы бір шағын мемлекет екендігі, отбасыда  татулық, тыныштық, береке болуы үшін Қасиетті Құран мен сүннетке сай отбасыны тәрбиелеу керектігі айтылды.

Сонымен қатар әрбір шәкіртке уағыз-насихат айтып үйренсін деген ниетпен Құран аяттары мен хадистер үлестірілді. Құран аяттары мен хадисте келген Жәннәттық отбасылар ребус арқылы шәкірттерге жасырылды. Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтылып, пайғамбарлар мен сахабалардың, ізгі адамдардың отбасылық қарым-қатынастары шәкірттерге үлгі ретінде баяндалды. Ата-анаға қызмет ету дініміздің бұйрығы екендігі, туыстық қарым-қатынасты үзбеу керектігі, ерлі-зайыптылар жәй ғана өмір сүріп қоймай бір-бірін Алла Тағаланың разылығына,Жәннәтқа жетелеу керектігі, салихалы ұрпақ  болу үшін үнемі ата-анаға дұға тілеу міндет амал   екендігі Құран мен хадистер арқылы нақты дәлелдермен жамағатқа түсіндірілді.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: