Орта Азиядағы теңдесі жоқ мұражай (ФОТО)

Орта Азиядағы теңдесі жоқ мұражай (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Мұражайдың ерекшеліктері өте көп. Оның аумағының өзі 74 мың шаршы метрді құрайды. Эрмитаж 180 мың шаршы метр, Лувр - 160 мың, Метрополитен деген Американың керемет музейі - 110 мың шаршы метр, Третьяков галереясы 70-75 мыңдай, Корея музейінікі - 135 мың шаршы метр. Біздің мұражай жалпы көлемі жағынан әлемде алғашқы ондыққа кіреді», – деген Дархан Мыңбай бұл мұражайдың Орта Азияда теңдесі жоқ екендігін баса айтты.

Егемен еліміздің рәмізіндей болған - «Қазақ Елі» монументі Тәуелсіздік сарайын, Бейбітшілік және келісім сарайын, Ұлттық өнер университетін және «Әзірет Сұлтан» мешітін біріктіріп тұрған Тәуелсіздік алаңының бүтін бітімімен табиғи үйлесім тапқан Ұлттық музей қазіргі уақытта бағалы экспонаттармен толтырылуда. Музей басшысының сөзіне жүгінсек, "Ондағы экспонаттардың мазмұндық жағынан алдыңғы қатарға шығуымыз керек. Оған барлық мүмкіндіктеріміз бар. Жақсы жәдігерлер ортақ болуы тиіс. Сондықтан біздің жеке коллекционерлер осы ұлттық мұражайдың қорына құнды заттарды тапсырып жатыр. Оған үлкен алғысымызды білдіреміз. Ол тарихи құндылық болып саналады. Сондықтан өздерінде сақталмай қалуы мүмкін бағалы заттарды осы мұражайға келіп тапсырып жатыр. Бұл жақсы үрдіс және дәстүр болып қалуы тиіс" деген болатын.

Айтып өтейік, мұражай бірнеше үлкен залдарды қамтиды. "Ежелгі және ортағасыр тарихы", "Тарих", "Алтын", "Қазіргі заманғы өнер", "Этнография", "Тәуелсіз Қазақстан", "Астана" залдары қазақтың бай мәдениеті мен тарихынан сыр шертеді. Мұнан бөлек мұражайда заманауи технологияларға ие арнайы зертханалар мен ғылыми орталықтар ашылған. Олар тарихи жәдігерлерді сақтау, оны зерттеу және қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын болады. Қазіргі уақытта Еуропаның, Ресейдің танымал мұражайларымен және кураторларымен әріптестік орнатылып, тиісті келісімшаттар жасалуда.

Естеріңізге сала кетейік, мұражай қала күніне орай 3-6 шілде күндері Астана тұрғындары мен қонақтарына тегін қызмет көрсетеді. Ал, басқа уақыттарды зейнеткерлер, оқушылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға билет төмендетілген бағамен сатылады.

e-islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: