Алжир құрамасының ойыншылары футболдан әлем чемпионатына қатысқандары үшін алған сыйақыларын қайырымдылық шарасына жұмсады.
Португалдық «Спортинг» ойын клубының шабуылшысы Ислам Слиманидың өз әріптестеріне сыйақыларын Газа қаласындағы қайырымдылыққа мұқтаж жандарға үлестіріп беру туралы көтерген бастамасы түгелдей қолдауға ие болған.
Естеріңізге сала кетейік, Алжир құрамасы биылғы әлем чемпионатының 1/8 финалына дейін жетіп, Германия құрамасына қосымша уақытта есе жіберіп алған еді.
muslim.kz