Ингушетияда ескі мешіт фотосуреттер бойынша қалпына келтіріледі

Ингушетияда ескі мешіт фотосуреттер бойынша қалпына келтіріледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Испаниялық құрғақ тас төсеу бойынша маман Рамзан Султыгов басқаратын Ингушетияның реставраторлар мектебі таулы Джейрах аймағындағы ескі мешітті қалпына келтіруге кірісті, деп хабарлады Интерфакс агенттігіне Джурдзуки Республикасының тарихи -географиялық қоғамы.

«Республикалық тас қалаушылар одағының отырысында таспен жұмыс істегісі келетіндерге білім үйрету үшін "қалпына келтірушілер" мектебін құру туралы шешім қабылданды», - деді агенттік тілшісі.

Ескі діни ғимарат фотосуреттердегідей бұрынғы бейнесіне сәйкестендіріліп жаңартыла бастады. Ғимаратты қалпына келтірмес бұрын оның аумағы тиісті формаға келтірілді, бұталар шығарылды, қоқыс пен тастар жиналды. Ол үшін сенбілік ұйымдастырылды. Акцияға барлығы қатыса алады.

Султыгов 20 жылдан астам уақыт бойы Испанияның Манреза қаласында (Барселона провинциясы) тұрады, онда ескі ғимараттарды қалпына келтірумен айналысады. Ол Испания мен Еуропадағы құрғақ тас төсеу, ежелгі ғимараттар мен құлыптарды қалпына келтіру бойынша қолөнерші. Атақты испан шебері Хосе Антонио Маршал оған шәкірт ретінде алып, осы кәсіпті үйреткен болатын.

Ұзақ уақыт бойы Султыгов католиктік шіркеудің аббатына жататын барондар мен маркиздердің бұрынғы үй шаруашылықтарын қалпына келтірумен айналысқан.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: