2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында күміс алған грек-рим күресшісі Ақжол Махмудов мұқтаж жандарға көмектесу үшін олимпиадалық формасын сатты. Спортшы алған қаражатты қайырымдылық қорына аударады.
Аукционды Бішкекте кәсіпкер Бабур Толбаев ұйымдастырды. Махмудовтың акула бейнеленген қызыл формасы 6,5 мың долларға сатылды. Сонымен қатар, аукционға қатысушылар қайырымдылық ұйымына 19,5 мың доллар берді.
«Бала кезімнен Олимпиада ойындарының алтын медалін алуды және мұқтаж отбасыларға көмектесуді армандадым. Олимпиададан үйге оралғанда, мен өз халқыма жақсылық жасауға бел буғанымды түсіндім. Мектеп, мешіт, жол салып, мұқтаж жандарға көмектескім келді. Ал бүгін мен өз арманымды жүзеге асырудың алғашқы қадамын жасағым келеді », - деп бөлісті Олимпиада жүлдегері.
asyldin.kz