Періштелер жайында таңғаларлық 10 мәлімет

Періштелер жайында таңғаларлық 10 мәлімет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нұрдан жаратылған періштелер – Алла Тағалаға құлшылық етеді әрі нақты міндеттерді орындайды. Егер мұсылман періштелердің болуын жоққа шығаратын болса, онда оның иманының толық болмағаны. Періштелер жұмыр басты пенденің көзіне көрінбейді де сезілмейді, алайда жүректе олардың бар екендігіне деген кәміл сенім болуы тиіс. Бұл мақалада Құран аяттарынан және Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистерінен келтірілген таңғажайып мәліметер жөнінде баяндап өтеміз:

1. Періштелер күнәсіз, пәк. «Олар күндіз-түні Алланы дәріптеуден жалықпайды» (21:20).

2. 19 періште Тозақ отын күзетеді. «Оған он тоғыз (періште) қарайды» (74:30). «Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық. Сондай-ақ олардың сандарын қарсы келушілерге анық бір сынау қылдық… Өздеріне кітап берілгендер, сенсін. (Олардың кітаптарында да он тоғыз жазылған.) Әрі иман келтіргендердің сенімдері арта түссін. Кітап иелері мен мүміндер күмәнданбасын. Сондай-ақ жүректерінде дерті болғандар мен қарсы болғандар: “Алла, бұл мысалмен нені қалайды?”,- десін. Осылайша Алла, қалағанын адастырып және кімді қаласа, тура жолға салады. Раббың жасақтарының санын өзі ғана біледі. Бұл адамдар үшін бір насихат» (74:31).

3. Періштелерде қорқыныш сезімі жоқ, олар байсалды әрі сабырлы. Оларға ерік-жігер, арман-тілек, дене, нәпсі деген дүниелер тән емес. Олар алдану, арбануға берілмейді.

4. Физикалық мүмкіндіктері жағынан періштелер адамдар мен жындарға қарағанда анағұрлым мықты. Алла Тағала олардың біріне бұйрық бергенде, әлгі періштенің қатты дауыс шығаратындығы сондай, сол айғайымен бір қауым елді жоқ қылып жібереді, мысалы үшін Жәбірейіл періштенің (ғ.с.) айғайымен самуд елі құрып кеткен болатын. Сондай-ақ, Исрафил (ғ.с.) да ерен күш иесі болып табылады. Ол – періштелердің ішінде көлемі жағынан ең үлкені, оның міндеті - Қиямет күнінің болғанын білдіріп сүр үрлеру.

5. Өмірдің кез-келген жағдайына өзінің бір топ періштесі бар. Олар осы өмірде және мәңгілік өмірде адамдармен бірге жүріп, көмектесіп, қорғап жүреді. «Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы (періштелер) бар. Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші де жоқ» (13:11).

6. Адамдардың жасаған амалдарын жазып отыру міндеттелген періштелер бар. Бұл періштелер бірі оң жағынан, бірі сол жағынан күндіз-түні адам баласынан ажырамай, жасаған амалдарын, айтқан сөздерін жазып отырады. Оң жақтағысы – жақсы амалдарын жазса, сол жағындағысы – қателік-кемшілік, күнәларын жіпке тізгендей жазады.

7. Адамдарға қатысы жоқ періштелер бар. Олар табиғат құбылыстарын, көктегі аспан денелерін басқарады.

8. Періштелер де дұға жасайды. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Құлшылық жасап, сол орыннан тұрып кетпегенше әрі дәреті бұзылмаған кез-келен адамға дұға жасайтын періштелер бар. Олар: «Уа, Алла Тағала, бұл адамның күнәларын кешіріп, жарылқай гөр!» - деп тілейді.

9. Жұма күндері мешітке келгендерді жазып отыру міндеттелген періштелер бар. Хадистердің бірінде былай айтылған: «Жұма күні әрбір мешіттің кіреберісінде тұрған періштелер адамдарды жазып тұрады. Алдын-ала келгендер Жаратушыдан молырақ сауап алады. Имам келгенде, періштелер жазуларын жинап қойып, мұқият тыңдай бастайды».

10. Періштелердің басты міндеттерінің бірі – Алла Тағала мен адамдардың арасында дәнекер болу.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: