Ақтөбеде жаңа мешіт ашылды (ВИДЕО)

Ақтөбеде жаңа мешіт ашылды (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Оның салтанатты ашылуына өңірге Қазақстанның бас муфтиі Ержан қажы Малғажыұлы келді. Жаңа мешіттің бір ерекшелігі ол қаладағы орталық мешіттің жанынан ашылып отыр. Енді ескі ғимарат мұражай қызметін атқаратын болады. 

«Жаңа мешіттің құрылысына 700 миллион теңгедей ақша жұмсалды. Барлық жұмыстарды садақадан түскен қаржыға жасадық. Бұл ғимаратқа бір уақытта 2800 адам келе алады. Ең төменгі қабатында 150 адамға шақталған асхана бар. Онда түрлі діни жоралғылар атқаруға болады. Ал ескі мешітті музей қыламыз. Оған да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді», - дейді «Ғасыр нұры» қоғамдық қорының директоры Есімхан Есенбаев. 

Биыл қаладағы орталық мешітке 111 жыл толып отыр. Музейге айналған тарихи нысанның іргетасы үш метрлік сапалы бетонмен нығайтылыпты. Құрылысшылар тарихи нысан әлі бірнеше ғасыр бойы іргетасы сөгілмей сақталатындығына сенімді. 

«Бір аптадан соң қасиетті Рамазан айы басталады. Біз соған дейін жаңа мешітті ашып, құрылыс және жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап едік. Ойымыз жүзеге асты», - дейді қала әкімі Ерхан Омаров. 

Мешіттің ашылуына сонымен қатар еліміздің барлық облыстарының имамдары келді. Олар өңірде ұйымдастырылған ғылыми-практикалық семинарға қатысты. Ол шараға Татарстан мен Башқұртстанның да имамдары атсалысты.

 

Ақсұңқар АЗАТ, видеоны автор түсірген

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: