Танымал американдық актриса және БҰҰ босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Анжелина Джоли Инстаграм желісінде Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып, ауғандықтардың оқиғаларымен бөлісу үшін парақша ашты.
«Дәл қазір Ауғанстан халқы әлеуметтік желілерде еркін сөйлесу және өз ойын білдіру мүмкіндігін жоғалтып жатыр. Сондықтан мен инстаграмға олардың әңгімелерімен және бүкіл әлем бойынша өздерінің негізгі адам құқықтары үшін күресетін адамдардың пікірімен бөлісуге келдім», - деп жазды ол.
Ол ауған жасөспірім қыздың хатын жариялады, онда радикалды «Талибан» қозғалысының билікке келуіне байланысты қоғам өміріндегі өзгерістер туралы айтылады.
Джоли бей-жай қарамайтындардың барлығын Ауғанстан халқына жан -жақты қолдау мен көмек көрсетуге шақырды.
asyldin.kz