Келесі жылы Түркістан қаласында бес мың орындық жаңа мешіт пайда болады. Ғибадатхана құрылысын өзбек халқы ел президенті Шавкат Мирзиёевтің қолдауымен жүргізуде. Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мешіт қаланың дәл кіре берісінде салынып жатыр.
«Жаңа жобаны Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қолдап отыр. Мұндай көрнекті жердің құрылысы көршілес Өзбекстанның Түркістанға сыйлығының бір түрі, оны келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр», - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Сәулеті бірегей ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыс стилінде орындалған. Мешіттің іргетасын нығайту үшін оның өзіндік технологиясы жасалды. Жаңа мешіт 5 мың адамға арналған. Оның құрылысы қазіргі заман талабына сай жүргізілуде. Ислам орталығының жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайды.
asyldin.kz