Ұлтты ұйыстырған ұлық мереке Құрбан айт басталып, исі мұсылман жұртшылықтың қуанышын еселей түсті.
Бүгін алғашқы күні шалынған құрбандық еттері Жамбыл облысы бойынша 10243 отбасыға жеткізілді.
Өңірдегі көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі жанұяларға онлайн және мешіт арқылы қабылданған өтініштер бойынша табысталды.
Таңертең құрбандық шалу рәсімінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың өзі болып, Құран бағыштап, дұға жасады.
Етті тарату үшін еріктілер тобы тартылып, арнайы көліктермен үйді-үйге жеткізілді.
Көпшілік алғыстарын жеткізіп, мерекемен құттықтауларын жеткізіп жатты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі