«Жұлдыздар соғысы» және «Фаворит» фильмдерімен жұмыс жасаған британдық мұсылман кинорежиссер ислам туралы қате түсініктерге қарсы тұру және мұсылмандарға өз тарихын айтуға мүмкіндік беру үшін алғашқы фильмін жарыққа шығармақ.
Кинематограф Ризван Вадан «жеккөрушілік, экстремизм және терроризммен күресу» жобасын 2019 жылы бастаған. Ол «Error in Terror» фильмін сәрсенбіде шығарады.
«Мен адамдарға ислам мен мұсылмандар экстремизм мен терроризмді қолдамайтындығын түсіндіруім керек. Шындығында, ешқандай дін экстремизм мен терроризмді жақтамайды», - дейді кинорежиссер. Ислам мұндай шабуылдарды қолдамайтынын анық жеткізіп, ол фильмді 7 шілдеде, Лондондағы 7/7 жарылыстардың 13-жылдығында шығаруға шешім қабылдады.
asyldin.kz