БАС МҮФТИ САТЫБАЛДЫ НАРЫМБЕТОВТІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

БАС МҮФТИ САТЫБАЛДЫ НАРЫМБЕТОВТІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ киносының тарланы, таңғажайып кинорежиссер һәм кинодраматург Сатыбалды Нарымбетов дүниеден өтті. Қайғылы қазаға байланысты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.

«Профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сатыбалды Нарымбетов қазақ киносының қарыштап дамуы, ұлт мәдениетінің алға басуы үшін тер төкті. Сатыбалды аға барлық фильмінде дерлік қазақтың бастан кешкен азапты күндерін бейнелеуге тырысты. Сол арқылы жас ұрпақты тарихтан сабақ алуға шақырды. «Қызжылағанда» Семей полигонының тигізген зардабын, «Мұстафа Шоқайда» түркі халықтарының бірлігі үшін күрескен Мұстафаның қайраткерлік бейнесін, «Аманат» фильмінде Кенесары хан жайлы диссертациясы үшін қуғын көрген тарихшы Ермұхан Бекмахановтың ауыр тағдырын бейнеледі. Одан бөлек Сатыбалды Нарымбетов «Балалық шағымның Дон Кихоты», «Күзгі бұралаң жол», «Ауылдан кел­ген күйеу», «Созақтан шыққан Гамлет», «Жас аккордеоншының өмірбаяны», «Көзім­нің қарасы» фильмдерін экрандау арқылы көрермендерге ой салды. Ол кісіге Алланың рақымы, Пайғамбардың шапағаты болғай! Туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын» делінген көңіл айту жеделхатында.

Сатыбалды ағамыз сұхбаттарында өзінің Нарымбет молданың немересі екенін айтып отыратын. Атасы Нарымбет Меккеге барған қажы, Созақтағы медреседе дәріс берген ұстаз болған екен. Содан болар режиссер «Кез келген фильмді түсірмес бұрын қан ағызып, Құран оқытам» дейтін. Ол кісіге Алланың панасы болғай! Иманы жолдас болсын!

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: