Жамбыл ауданы Түрксіб ауылына іс-сапармен барған ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауыл қарияларымен кездесті.
Ақсақалдармен жүздесуде жастардың тәрбиесі мен үлкенге құрмет көрсету мәселесі сөз болды. Кездесуде мешіттің ақсақалдар кеңесі ретінде аудан имамымен бірлесіп, осы жастар мәселесін қолға алу керектігін талқылады.
Ертеден тағылымы мол қазақ халқымыз "Баланы жастан" деп рухани құндылықтарымызды бала тәрбиелеудің игілігіне жұмсаған. Жас шыбықты жастайынан халық ауыз әдебиетімен суарып, ел үшін ерен еңбек сіңірген тұлғаларды үлгі етіп, ұлтжандылыққа тәрбиелеген. Сонымен қоса отбасындағы қағида - әке-ана құрметі, үлкенді құрметтеу, кішіні ізеттеу. Бала тәрбиесі бесіктен деп ұғынған отбасы әр баланың тәрбиесін, түздегі қылығын қадағалап отырған.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі