Тараз қаласы имамдары маусым айында 22 іс-шара ұйымдастырып, 2 360 000 теңгені қайырымдылыққа жұмсады. Қайырымдылық ретінде ірі-қара сойылып, Құран жаттап жүрген медресе шәкірттеріне таратылды. Сонымен қоса жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, ет және қаржылай, науқастарға дәрі-дәрмек алып берілді. Қаладағы 2 мешіттің кілемдері ауыстырылды.
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Кім бір жақсылық жасаса оған есе сауап жазылады» деп бұйырады. Ел алдында үлгі болып жүрген имам ағаларымыздың Алла Тағала өмірлеріне береке берсін! Істеген Әрбір игі амалдарымызды есе-есе сауаптан жазсын!
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі