Қажылыққа аса қажет болар 16 нәрсе

Қажылыққа аса қажет болар 16 нәрсе

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәрі-дәрмек

Сіздің жеке дәрі қорабыңызда төменде көрсетілген дәрілер болуы тиіс:

- Парацетамол / Панадол (немесе ауырсынуды басатын өзге дәрі).

- Имодиум (немесе диареядан қорғайтын дәрі), өйткені таңсық тағамдар ағзаға жағымсыз әсер етуі мүмкін.

- Антигистаминді препараттар.

- Оксолин майы.

- Суық тиюде көмектесетін дәрі-дәрмектер.

- Медициналық бір реттік бетперде. Бетпердені әрбір 1,5-2 сағатта ауыстырып тұру қажет екенін ұмытпаңыздар.

- Бактерицидтік жабыстырғыш пен дәке. Ыстықта көп жаяу жүретін болғандықтан аяқтың қажалуы әбден мүмкін.

- «Левомеколь» майы (ашық жарақаттың жазылуына, сондай-ақ микробқа және қабынуға қарсы септігін тигізеді).

- Антисептикалық гельдер (қолды тазалап, микробтарды жоюға ыңғайлы).

- Созылмалы ауруларға арналған препараттар. Әркімнің жеке препараты болады.

- Көз тамшылары (көзді құрғаудан сақтайды).

Аяқ-киім

- Жуынатын бөлмеге арналған тәпішке.

- Сапалы да ыңғайлы резеңке-шәркей. Киілген, сыналған аяқ-киімді алғаныңыз дұрыс, өйткені жаңа резеңке-шәркей аяқты қажап тастауы мүмкін. Мешіттің едені мәрмәр болғандықтан табаны таймайтын аяқ-киім болғаны жөн. Мешітке кірер жерде шешіп қалдырған аяқ-киімдерін кейбір адамдар таба алмай жатады, өйткені біреулер шатастырып киіп кетуі мүмкін, сол себепті аяқ-киім салып қоятын кішірек сөмке алып жүргеніңіз абзал.

- Мақта-матадан жасалған шұлық (бірнеше жұп болғаны жақсы).

Ихрам

Қажылыққа ниет ету үшін, ұшақ ұшып кетпей тұрып қажы әуежайда ихрам кию керек.

Қалта желдеткіші

Қалта шамы

Блокнот пен қалам

Алладан тілейін деген дұғаларды жазып қойыңыз. Ең маңызды сәтте қажет әрі маңызды нәрсені ұмытып қалуыңыз мүмкін. Қасиетті жерден алған әсерлеріңізді де жазып отыруыңызға болады.

Телефон мен зарядтау құрылғысы

Топтағы адамдармен әрі туған-туыстармен хабарласу үшін. Бірден жергілікті симка алып алғаныңыз дұрыс болар.

Жеке бас гигиенасына қатысты

- кішкене қайшы. Өзге адамдардан сұрап жүрмес үшін әрі шашты қиюға және денеңізді таза ұстау үшін.

- Мисуак.

- Орамал.

- Сабын және оның сауыты. Көп жағдайда жуынатын бөлмелерде сабын болмайды, сол себепті өзіңізбен ала жүріңіз.

- Құрғақ және ылғалды майлықтар.

- Спиртсіз әрі иіссіз зарарсыздандыратын құрал.

- Сусабын мен душқа арналған гель.

- Жуынуға арналған көбік.

- Өзіңізге қажетті иісмайлар.

- Ерінге арналған бальзам, шыжыған күннің астында жүргеніңізде теріңізге қосымша қорғаныс қажет болады.

- Жуатын ұнтақ.

Сөзсіз, мұның бәрін сол жақтан да сатып алуға болады. Алайда мұның бәрін алдын-ала дайындап өзіңізбен ала барған жөн.

Түйрегіштер

Киімді түйреуге қажет болады. Сол себепті қолайсыз сәтте сынып не болмаса ағытылып кетпейтіндей мықты, берік түйрегіштер алыңыз.

Мамандандырылған әдебит (Құран, дұға жинағы)

Тіпті тәжірибелі қажылардың өзі Қасиетті Қағбаның алдында тұрғанда рәсімдердің маңызды сәттерін ұмытып қалуы мүмкін.

50 келіге дейін өлшейтін қалта таразысы

Қайтар жолда өзіңізбен бірге қасиетті Зәм-зәм судан қанша алып қайтуға боларын алдын-ала білетін боласыз. Ал жолжүктің салмағын тікелей әуежайда өлшетіп аласыз.

Киім

Киім табиғи маталардан тігілген болу керек. Өзіңізбен көп киім алудың қажеті шамалы, бірнеше жұп шұлық, жейде, төгіліп тұратын шалбар/көйлек алсаңыз жетіп жатыр. Өзіңіздің бойыңызға шақтап киініңіз. Тым ұзын киім киюден аулақ болыңыз, өзіңіз шалынып қалуыңыз не болмаса біреулер етегін таптап кетуі мүмкін. Әйелдерге келер болсақ, белдемше мен жейде кигенше көйлек кигендері жөн.

Орамалға келер болсақ, үнемі түзеп жүрмес үшін мақтадан тігілген орамал таққан абзал.

Ал шалбардың табиғи матадан тігілгені дұрыс. Қыз-келіншектерге киімдерінің ішінен жұқа жейде кигендері жөн, жейде денеден шыққан терді өзіне сіңіріп отыратын болады. Енді іш киімге келер болсақ, кейбір адамдар бір реттік іш киімдер киеді. Алайда оларды жуып, жайып қоюда тұрған еш қиындық жоқ.

Мина жазығындағы шатырларда киюге лайық киімдерді де ұмытпаңыз. Бірнеше ұзын жеңді көйлектер алып алғаныңыз дұрыс. Бір шатырды жүздеген адамдармен бөлісетініңізді есіңізден шығармаңыз.

Иықтан асып алар сөмке

Иыққаптан гөрі иықтан асып алар сөмке болғаны жөн. Мұндай сөмкені өзіңіз жіті қадағалап жүретін боласыз.

Су өткізбейтін қапшық

Бұл Мина жазығында әжетханаға барғанда киімдеріңізді, сабын мен тіс жуатын щеткаңызды салып қоюға қажет. Әжетханалардың бәрінде ілгіштер бола бермейді, ал қабырғалар мен едендер таза болмауы мүмкін.

Шәлі

Автобустарда қосылып тұрған кондиционерден суық тиіп қалмасын деп оранып аласыз.

Тамақ

Жаңғақтар, энергетикалық батончиктер мен өзге де энергетикалық өнімдер.

Өзіңізбен көтеріп жүрмес үшін ол жақтан не сатып алуға болады?

Сауд Арабияға іші-сырты киім-кешекке толы шабаданды арқалап барудың қажеті жоқ. Бұл тізімдегі заттардың көбін сол жақтан да сатып алуға болады.

Қажылыққа сай келетін киім

Жергілікті саудагерлер аптап ыстықта киетін табиғи маталардан тігілген киімдердің кең таңдауын ұсынады.

Шай қайнататын шәйнек.

Мұны кез-келген жерден таба аласыз. Сондай-ақ, арабтардың шай қайнататын дәстүрлі шәнектері сізге таптырмас естелік болып қала береді.

Қолшатыр

Сауд Арабиядағы шыжыған күн ыстықта бұл таптырмас бұйым. Күн тиюден сақтайды. Дайындалып келмеген қажылардың денсаулығына ыстық күн кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.

3-5 метрлік ұзартқыш

Бұл Мина жазығында қажет болуы мүмкін, өйткені резеткі шатырлардың төбесінде орналасқан.

Жеке бас құралы

Әрине, мұның бәрін өзіңізбен алып бара аласыз, дегенмен Меккеде сиуак та иіссіз сабын да сатып ала аласыз.

Қажылыққа апаратын сөмкеңізді жинауға арналған біздің кеңесіміз сіздерге пайдалы болар деп үміттенеміз. Алла Тағала сіздердің қажылықтарыңызды жеңілдетіп, қабыл етсін! Әмин!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: