Шу қаласында қабірлер тазаланып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Өткенге құрмет елге құрмет, мұсылманшылықта дүниеден өткендерге құрмет көрсету артындағы ұрпаққа міндет екені белгілі. Ислам дінімізде қабірді зиярат етіп Құран бағыштауды Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүбәрак хадисінде айтылған насихат және осы игі істі жасауды құптаған.
Тазалық иманның жартысы демекші, тазалық жұмыстарын жүргізу мұсылмандық міндет екенін естен шығармаған жөн.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.