Дубайда қарғалардың жаяу жүргіншілерге шабуыл жасау жағдайлары жиілеп кетті. Әлеуметтік медиа қолданушылары Дубай Media City және Дубай Марина аудандарындағы құстардың шабуылдары туралы хабарлады.
Әмірліктің кейбір тұрғындары құстарды тағы мазаламау үшін өздерін сыртқа шығудан шектеді және тіпті тамақты үйге тапсырыспен алдыртты. Орнитологтардың айтуынша, шабуылдар балапандарды өсіру кезеңімен байланысты. Бұл әдетте мамырдан шілдеге дейін созылады.
Осылайша, қарғалар ұрпақтарын қорғауға тырысады. Өйткені бұл уақытта қарғалар ұшуды үйренеді және шөпке немесе бұталарға түсіп кетуі мүмкін. Қауырсынды ата-аналар жаяу жүргіншілерді ықтимал қауіп ретінде қабылдайды, сонықтан оларды балапандардан алыстатуға тырысады.
asyldin.kz