БАС МҮФТИ БЕЛСЕНДІ ЖАС ИМАМҒА ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИ БЕЛСЕНДІ ЖАС ИМАМҒА ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында 424-пәтер кілтін ауыл имамына табыстады.

Бұл жолғы пәтер Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар елдімекеніндегі «Байжігіт баба» мешітінің наиб имамы Мұса Жәлелге берілді.

Салтанатты жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Діни басқарма жас діни мамандарға қолдау көрсетіп келеді. Ақжар ауылында Қайырымдылық мекеменің ашылуына бастамашыл болған Мұса Жәлел – белсенді жас имамның бірі. «Жас келсе – іске» деген қанатты сөз бар. Міне, бүгінде жас имамдарымыз облыстық, республикалық деңгейдегі ізгі іс-шараларға ұйытқы болуда. Осындай белсенді имамдарға қолдау көрсетіп, олардың әлеуметтік мәселесін шешуге атсалысқан барша жомарт жандарға айрықша алғысымды жеткіземін. Алла разы болсын!» деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: