#Жамбыл: «Бірлесу-Еңбек» мешітінде сауат ашу курсы басталды

#Жамбыл: «Бірлесу-Еңбек» мешітінде сауат ашу курсы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылы «Бірлесу-Еңбек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы арнайы барып, жастарды діни сауатты болуға шақырып, сауат ашу курсын аудандық «Бәйдібек» мешітінің найб имамы Жұмағұлов Жандос жүргізетінін жеткізді.

 Аудан имамы ұстаз облысымыздың «Һибатулла Тарази» медресесін үздік бітірген шәкірт екендігін мақтанышпен жеткізді. Сабақ кестесі дайындалды. Жазғы демалысқа шыққан оқушыларға ата-ананың өтінішімен қабыладатындығын, сабақтың  санитарлық талаптарға сай болып, басты назарда ұстау керектігін түсіндірілді. Дәріс: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 10:00–ден 11:00–ге  дейін күнделікті шам намазынан кейін өтетін болады.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: