#Меркі ауданы: Көпбалалы отбасыға үй табысталды

#Меркі ауданы: Көпбалалы отбасыға үй табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясының аясында Меркі ауданынында 1 баспана берілді.

Аудан тұрғындарының атсалысуымен баспананың кілті көпбалалы тұрмысы төмен отбасыға табысталды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында бұл жолы баспана көпбалалы Абдразахова Ғазиза Кәмелқызының отбасына табыс етілді.

Үй беру рәсімін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы игі істі атқарған аудан имамы Нұрбек Жанықұлов пен атымтай азаматтарға ризашылығын білдірді. Қоныс иелері бастама үшін Бас мүфтиге алғыстарын жаудырды. Бұл ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай ауданда берілген 6-үй. Ал республика бойынша 411-үй екенін еске саламыз.

Меркі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: