#Жамбыл: «Бірлесу-Еңбек» мешітінде кездесу

#Жамбыл: «Бірлесу-Еңбек» мешітінде кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы  Бірлесу-Еңбек ауылы «Бірлесу-Еңбек» мешітінде, Тараз қаласының бас имамы Садиев Амантай, «Кеңесхан қажы» мешітінің найб имамы Хусаинов Алтынбек, Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Бірлесу-Еңбек» мешітіне арнайы барып, осы мешітте деструктивті ағымдағы азаматтармен кездесті.

Қаланың бас имамы Садиев Амантай  «Теріс ағымдардың алдын алу» керектігін жамағатқа түсіндіріп, бірінші, ауылға арнайы ұстаз дайындап, ауыл жастарының діни білімін арттыру керектігін алға тартты. Қала имамдарымен жиі кездесулер жасау қажеттілігін сөз етті. Сонымен қатар ауыл жамағатының сұрақтарына жауап берілді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: