31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Атаулы күнге орай ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен "Өткенге құрмет - ұрпаққа міндет" бастамасы аясында еліміздің барлық аумағында 30 мамыр күні зират басына тазалық жұмыстары басталды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ-ның Жамбыл облысының қала және аудан мешіттерінің ұйытқы болуымен қабірстандарға тазалық жүргізілді.
Бүгін имамдармен жамағаттың бірлесуімен "Тектұрмас" және "Зеленый ковер" аймағының қоқысы жиналды. Ал үйіндіге айналған бұл қалдықтарды толықтай шығарып тастау үшін "Тараз - Жасыл ел" басшылығы жұмысшылары мен техникасын бөлді.
"Бірлесе көтерен жүк жеңіл" демекші, ауызбіршілікпен атқарылған іс үшін, оған қолдау көрсеткен аталған ұйымға мешіт әкімшілігі алғыс білдірді. Зиярат басында дүниеден озған мұсылмандарға Құран бағышталды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі