ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының Жамбыл облысы бойынша өкілі Нұрматжан Миразизов Тараз қаласындағы "Халал" сертификатын алуға талапкер кәсіпорындарды аралады.
Атап айтсақ, "Салам Бро", "Жека'с" мейрамханаларына барып, халыққа ұсынып жатқан тағамдарымен, олардың қоспасымен танысты. Дәмханалардың ас сақтау бөлмесін, асханасын тексерді.
Аталған дәмханалар донер, бургер, пицца, хотдог, чизбургер, түрлі сусындар мен ыстық тамақтар ұсынады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі