Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Лаңкестікке қарсы күресте жастардың рөлі» деген тақырыпта студенттермен келелі кездесу өтуде. Дөңгелек үстелде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы университет студенттеріне дәріс оқыды.
«Жастардың бойына дәстүріміздің асыл құндылықтарын қалыптастыратын болсақ, олар өзге діни ағымдардың арбауына түспейді. Дәстүр - үлкен күш.Өйткені, біздің салт-санамыз Исламмен бітеқайнасып кеткен. Жастарға ұлттық тәрбие беру арқылы оларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, адал еңбеккке, салауатты өмір салтын сақтауға жетелейміз », - деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Бас мүфти Діни басқарма жаныдағы Жастар бөлімінің бүгінгі жұмысы жайлы баяндап, дөңгелек үстелге қатысқан түрлі сала мамандарын өскелең ұрпақты имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелеу бағытында арнайы ашылған бөлімнің ортақ игі ісіне атсалысуға шақырды.
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyft.kz